Павлодар облысында орташа айлық жалақы қанша?

31 Шілде 2019, 11:35
2344
Бөлісу:
Павлодар облысында орташа айлық жалақы қанша?

Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы қаңтар-маусымдағы облыстың кәсіпорындарындағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 151423 теңгені немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 111,7% құрады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Өңірлік статистика департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, нақты жалақы индексі 106,7%.

«Сала құрылымындағы ең жоғарғы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 215516 теңге (орташа облыстық деңгейден 1,4 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 206088 теңге (1,4 есеге асты) белгіленді», - деп жазылған хабарламада.

Ең төмен жалақы «Өнер, ойын-сауық және демалыс» саласының қызметкерлерінде – 92234 теңге, бұл облыс бойынша орта көрсеткіштен 39,1% төмен. Аумақтық бөліктегі ең жоғары жалақы Екібастұз қалалық әкімдікте – 176168 теңге. Ең төмен жалақы Шарбақты ауданының қызметкерлеріне есептелді – 93884 теңге.

Өзгелердің жаңалығы