Павлодар облысында мектеп атауы өзгерді

19 Желтоқсан 2019, 21:43
4713
Бөлісу:
Павлодар облысында мектеп атауы өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин "Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің жалпы білім беретін Шідерті негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы Қаулыға қол қойды.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы  № 281 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ" - делінген Қаулыда.

1. "Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің жалпы білім беретін Шідерті негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Қажыбек Алғамбаров атындағы жалпы білім беретін негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Ұлы Отан соғысының ардагері Қажыбек Алғамбаров жайлы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы