Павлодар облысында малдарын қараусыз жібергені үшін иесіне айыппұл салынды

6 Сәуір 2022, 11:25
1370
Бөлісу:
Павлодар облысында малдарын қараусыз жібергені үшін иесіне айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Успен ауданының полицейлері өткен демалыс күндері мал жаю ережесін бұзудың бірнеше фактісін анықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жақында 8 бас ірі қара мал Успенка ауылы бойынша, сондай-ақ  Павлодар - Успен - РФ шекарасы автожолының жанында жүрген.
 

Белоусовка ауылында 12 жылқы иесіз жайылып жүрді, Таволжан ауылында да осындай факт анықталды. Мұнда алты бас ауыл шаруашылығы жануары бақташысыз  жайылып жүрген. Барлық иесіз мал мамандандырылған айып тұрағына орналастырылды. Жануарлардың иелері ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыған сәйкес әрқайсысына 3 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді, - деді Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Берік Оралов.

Тәртіп сақшылары мал өсірушілерге мал жаю мәселесіне ерекше мән беру керек екенін ескертеді және енді ҚР ӘҚБК 408-бабын бұзғаны үшін ескертусіз бірден айыппұл салынатынын еске салады. 

Өзгелердің жаңалығы