Павлодар облысында құрғақ шөп өртенді

3 Мамыр 2021, 15:45
1543
Бөлісу:
Павлодар облысында құрғақ шөп өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрттің аумағы  шамамен 45 гектарды құрады, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы төтенше жағдайлар  басқармасының мәліметі бойынша,  өртенген жер учаскесі Павлодар  ауданына қарасты.


2021 жылы 2 мамырда сағат 23:27-де Ақсу бағытына қарай жаңа көпір аумағында құрғақ шөп жанғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеке құрамнан 17 адам және 3 техника шықты, - деді  басқарманың аға офицері Сабыржан Тастембеков.


Облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан  өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.


Өзгелердің жаңалығы