Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 35 жағдай тіркелді

13 Маусым 2020, 09:36
1130
Бөлісу:
Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 35 жағдай тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус  инфекциясы белгілері бар  жаңа 35 жағдай тіркелді.  ( 2020 жылғы  12 маусымдағы жағдай бойынша)

COVID-19  1954ж.т. , 1957ж.т,1959 ж.т,1969ж.т, 1972ж.т, 1975ж.т, 1976ж.т, 1977 ж.т, 1983ж.т, 1988ж.т, 1960ж.т, 1961 ж.т.   әйел адамдарда  және 2001ж.т, 2011 ж.т, 2019 ж.т. қыз балаларда, сондай ақ 1928 ж.т.,1946 ж.т,1952 ж.т, 1973ж.т.,1979ж.т.,1980 ж.т.,1983 ж.т.,1985   ж.т.,1988ж.т.,1989ж.т., 1993  ж.т.,1995 ж.т.,1996  ж.т.,1998ж.т.,1999 ж.т. ер адамдарда және 2001,2003,2005,2008,2010 ж.т. ұл балаларда анықталды. 31 ауырған Павлодар қаласының, Ленин кенті, Кенжекөл ауылының, екеуі - Екібастұз қаласының, екеуі Щербакты аудандарының тұрғындары. Бірнеше адам бір отбасының мүшесі, - делінген хабарламада.
Ауырғандар дене қызуының көтерілуіне, әлсіздікке, демігуге, әлсіздікке шағымданған. 
Пациенттерге ЖРВИ, созылмалы бронхит, өкпенің қабынуы, өкпенің өткір қабынуы диагнозы қойылды.12 жастағы балаға инфекциондық емес гастроэнтерит, колит диагнозы қойылды. 51 жастағы әйел Алматы қаласынан ұшып келген. ПТР- зерттеу COVID-19 ды анықтады. 92 жастағы қарияға ауруханадан тыс өкпенің қабынуы диагнозы қойылды. Қария көп жылдар артериальды қан қысымымен, дисциркуляторлы энцефалопатиямен, церебральды атеросклерозбен есепте тұр, екінші топтағы мүгедек, - делінген хабарламада.
10 пациент бұған дейін анықталған КВИ жағдайымен байланыста болған. Барлығында ПТР- зерттеу COVID-19 ды анықтады.

Барлығы Павлодар және Екібастұз қалаларының инфекциондық стационарларына  жатқызылды, жағдайлары қанағаттанарлық. Хаттамаға сәйкес ем тағайындалды.

Байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды. ҰСО филиалы мамандарының күшімен ошақтарда  қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Өңірде эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр. 12 маусымдағы жағдай бойынша Павлодар облысында  коронавирус инфекциясымен ауырған 333 факті тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы