Павлодар облысында індет жұқтырғандардың екеуі бала

24 Сәуір 2020, 12:24
1240
Бөлісу:
Павлодар облысында індет жұқтырғандардың екеуі бала

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған төрт жаңа оқиға тіркелді, деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.

COVID-19 Екібастұз қаласының 3 тұрғынында анықталған. 1984 жылы туған әйел адам, сондай-ақ 2003 жылы туған және 2012 жылы туған кәмелет жасқа толмаған қыз балалар. Сонымен қатар, 1966 жылы туған әйел адам Павлодар қаласының  тұрғынында COVID-19 коронавирус инфекциясы анықталды. Екібастұз қаласының үш тұрғыны бұрын COVID-19 вирусы тіркелген адамдармен қарым-қатынаста болған, - делінген ақпаратта.

23 сәуірде 1966 жылы туған Павлодар қаласының тұрғыны жедел жәрдемге хабарласып, дене қызуының жоғары екендігін, өзін әлсіз сезініп тұрғандығын айтты. COVID-19-ға талдау сынама алынған, 24 сәуірде коронавирус инфекциясы бар екенін көрсеткен.  

Барлық жағдайда да олармен қарым-қатынаста болған тұлғаларды анықтап, оқшаулау бойынша жұмыс жүргізілуде.  Эпидемиологияғы қарсы іс-шаралар жалғасуда. 

Бүгінгі күннің сағат 12:00-дегі жағдайы бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 62 оқиға тіркелді. 


Өзгелердің жаңалығы