Павлодар облысында халық саны азайған

28 Ақпан 2021, 04:20
4549
Бөлісу:
Павлодар облысында халық саны азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта облыстағы халық саны – 751011 адам, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық статистика департаменті өңірдегі демографиялық жағдай туралы мәлім етті.

Павлодар облыстық статистика департаменті өңірдегі демографиялық жағдай туралы мәліметіне қарағанда, 2021 жылғы 1 қаңтарда өңірдегі халық саны 751011 адамды құраған. Соның ішінде қалалықтар – 530209 (70,6%), ауылдықтар – 220802 адам (29,4%).

Облыста ер адамдар саны – 355996 (47,4%), әйел адамдар – 395015 (52,6%).

2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 1158 адамға немесе 0,2% азайған.

Қарастырылып отырған кезеңде Павлодар қаласында ғана халық саны 1395-ке артты. Қалған қалалар мен аудандарда халық саны азайды, – деді департаментте.

Өзгелердің жаңалығы