Павлодар облысында геологиялық музей ашылады

13 Қыркүйек 2022, 16:52
1245
Бөлісу:
Павлодар облысында геологиялық музей ашылады
PHOTO

Ертіс өңіріндегі География үйінің жанында геологиялық музей ашылады, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ  тілшісі.

Қоғамдық ұйым өкілдері геологиялық музейдің қорын молайту мақсатындағы экпедицияларын аяқтап жатыр. Болашақ коллекцияның құрамында пайдалы қазбалар мен минералдардың жүздеген үлгісі бар. Ерекшелігі сол – пайдалы қазбалардың басым бөлігі Павлодар облысында кездеседі. 

Қазіргі уақытта белсенділер жәдігерлердің жүйелендіру үстінде. Музей ашу жобасы өңірдегі ірі өндірістік ошақтың қолдауымен жүзеге асырылуда.

Қоғамдық ұйым өкілдерінің айтуынша, болашақ музей Ертіс өңірнің табиғи байлығын паш етіп, шикізаттық әлеуетін көрсету мақсатын көздейді. 

Павлодар облысында геологиялық музей ашылады

Музей ашу идеясы сегіз жыл бұрын пайда болды. Бүгінгі күнге дейін шамамен 150 экспонат жиналды. Десе де, толыққанды экпозиция үшін бұл аздық етеді. Біздің ұйым жәдігерлер қорын ұлғайту мақсатында Павлодар облысы бойынша бірнеше рет экспедицияға шықты. Нәтижесінде жобамыз Ақсу ферроқорытпа зауыты тарапынан қолдау тапты. Музей ашу арқылы келер ұрпақты экологиялық тұрғыдан тәрбиелеуге үлесімізді қосқымыз келеді, - дейді Павлодар георгафия үйінің директоры Александр Вервекин. 

Осы күнге дейін қоғам белсенділері тоғыз зерттеу экспедициясын өткізді. Шаралар шеңберінде өңірдің кен орындары зерттелді. Қазіргі уақытта сталлактит тәріздес халцедон, кальцит, шпат, кварц кристталлдары сияқты минералдар табылды. 

Мәселен, Май ауданындағы Қалмаққырылған орнында флюрит пен раухтопаздың үлгілері табылды. Ал лампрофир-порфирит пен долерит бірегей экспонаттар қатарында. Келешек музей үшін 300-ден астам пайдалы қазбалардың үлгісін дайындап қойдық, - дейді экспедиция мүшелері.

Айта кетейік, бұған дейін география үйінің жанынан алғашқы қоғамдық кітапхана мен этнографиялық мейзі ашылған. Бүгінде келушілерге есік ашық.

Өзгелердің жаңалығы