Павлодар облысында эпидемиологиялық тексеру жалғасуда

11 Сәуір 2020, 14:07
1154
Бөлісу:
Павлодар облысында эпидемиологиялық тексеру жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 5 жағдай анықталды, деп хабарлады облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.


Бүгін Павлодар облысында тағы 5 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны тіркелді. Науқастар қазіргі кезде жұқпалы аурулар госпиталінде, олардың жағдайы қанағаттанарлық. 

Барлық бесеуі - Павлодар қаласы тұрғындары: 1973, 1985, 1986 және 2001 жылдары туылған төрт әйел адам мен 1982 жылы дүниеге келген бір ер адам. Олардың барлығы 9 сәуір күні көз жұмған зейнеткермен қатынаста болған. 
 
Қарым-қатынас жасасқан тұлғалар анықталды, оларды оқшаулау бойынша жұмыстар жасалуда. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда. 
11 сәуір күніне Павлодар облысында  COVID-19 ауруын жұқтырған 9 жағдай анықталды, сонын ішінде бір науқас сауығып шықты және біреуі көз жұмды, - делінген ақпаратта. 
Өзгелердің жаңалығы