Павлодарда «Ең әдемі киім - ұлттық киім» атты үндеу жарияланды

14 Наурыз 2021, 16:15
5160
Бөлісу:
Павлодарда «Ең әдемі киім - ұлттық киім» атты үндеу жарияланды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде Наурыз мейрамын мерекелеу аясында «Ең әдемі киім - ұлттық киім» атты шара өтуде.

Игі бастамаға «Жебе» қоғамдық ұйымының белсенділері мұрындық болды. Қазір челленджді қолдап, жұмыс орнына ұлттық киімде келген азаматтардың саны көбейді.

Үндеуге үн қосып, бастамаға қолдау білдіргендердің қатарында Павлодар қаласының әкімі бар. Ержан Имансләм жұмыс орнына шапан киіп, жұртшылыққа үлгі болды.

Мен «Жебе» қоғамдық ұйымы көтерген бастаманы қолдауға шешім қабылдадым. Менің ойымша, осы үндеуге қатысқaндар Ұлыстың Ұлы күнін aтап өту аясында ұлттық киім киюлері керек. Мен де осы бaстамадан тыс қaлмай, өскелең жас ұрпаққа «Наурыз мейрaмын» тойлау тарихын, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды еске салып, замaнауи түрде ұлттық құндылықтарымызды үйретуіміз қaжет деп санаймын. Қaзір қазақтың ұлттық киімін кию үрдісі жақсы дамып келеді. Қaмзолдар, шaпандар – гaрдеробымызды осындай ұлттық киімдермен толтырып, ұлттық мәдени құндылықтарымызды дәріптеуіміз қажет, - дейді Ержaн Имансләм.

Игі бaстаманы мәдениет саласының мамандары бірден қолдады. Олар бір ай бойы жұмыс орнында ұлттық киім киіп жүрмек.

Наурыз айы - ұлттық құндылықтар мен мәдениет айы болып жарияланды. «Ең әдемі киім - ұлттық киім» бастамасын мәдениет басқармасы ғана емес, аймақтағы барлық мәдени ошақтың қызметкерлері қолдау білдіруде, - дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Самал Бегалинова.

Айта кетейік, аймақта Наурыз мерекесін атап өту аясындa онлайн концерттер бағдарламасы ұсынылмақ.

Өзгелердің жаңалығы