Павлодар облысында екпе салу қарқыны 1,6 есеге өсті

8 Шілде 2021, 17:48
1831
Бөлісу:
Павлодар облысында екпе салу қарқыны 1,6 есеге өсті
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында халықты екпемен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні бірінші компонентті салу қарқыны 1,6 есеге өсті.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазиновтың мәліметінше, өңірде соңғы тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 126 жағдайы тіркелді. Олардың 104-ы - симптомды. Қазіргі уақытта 500-ден астам науқас стационарлы ем қабылдап жатыр. Инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 31%-ды құрайды.

Осы күнге дейін бірінші компонентті вакцинаның 208 мыңнан астам дозасы түсті. Ал екінші компоненттің 146 мыңнан астам дозасы әкелінді. Тұрғындар үшін екпенің төрт түрі қолжетімді. Бұл тұрғыда медицина мамандары алда келеді. Сала қызметкерлерінің 89%-ы екпе салдыртқан. Сонымен қатар білім беру саласы мамандарының 75%-ы, студенттердің 19%-ы қамтылды. Кәсіпорын ұжымдары да екпе алып жатыр, - дейді Айдар Ситқазинов.

Қазіргі уақытта аймақта күніне алты мыңнан астам адам иммундау шараларына қатысады.

Айта кетейік, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына орай қызмет көрсету саласының мамандары міндетті түрде екпе алуы керек.

Бұған дейін күніне орташа есеппен 1,5-2 мың адам екпе алса, қазіргі күні көрсеткіш алты мыңға жетіп отыр. Тіпті, сегіз мыңға дейін барады. Тұрғындар вакцинаны демалыс күндері де ала алады, - дейді басқарма басшысы.

Сала мамандарының мәліметінше, облыс халқын вакцинамен қамту үшін 450 мыңға жуық адам екпе алуы керек. Бұл - аймақ тұрғындарының 60%-ы. Осы күні көрсеткіш 21,5%-ы құрап отыр.

Өзгелердің жаңалығы