Павлодар облысында егіс алқаптары 1 млн 500 мың гектарға жетті

21 Маусым 2022, 18:50
1381
Бөлісу:
Павлодар облысында егіс алқаптары 1 млн 500 мың гектарға жетті

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде көктемгі дала жұмыстары аяқталды. Осы күні ауыл шаруашылығы дақылдары егілген егіс алқаптары 1 млн 55 мың гектарды құрады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, тұқым себілген аумақтар 6%-ға ұлғайды. 

Көктемгі дала жұмыстарын өз деңгейінде өткізу үшін шаруашылықтардың барлығы техника және тұқымдармен қамтылды. Бұл науқанға төрт мыңнан астам трактор мен 250 егістк кешені жұмылдырылды. Бүгінгі күні облыс бойынша 18 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алу бойынша шарттар жасалды. Оның 16 мың тоннасы діттеген алқаптарға жеткізілді. Сонымен қатар 21,8 арзандатылған жанар-жағармай бөлінді. Операторлық тасымалдау қызметін есептегенде дизельдің бір литр 183 теңгені құрады. Бұл – нарықтағы бағадан 47 теңгеге арзан, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев. 

Айта кетейік, облыста егістік алқаптарын әртараптандыру жұмыстары қарқын алған. Басты мақсат – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің өндірісін арттыру. Биыл күнбағыс алқаптары 5,4 мың гектарға, картоп 1,6 мың гектарға ұлғайды. Қырыққабат пен пияз аумағы да айтарлықтай артқан.

Ауал шаруашылығын қолдауға 4 млрд теңгеге жуық субсидия бөлінген.  

Өзгелердің жаңалығы