Павлодар облысында бірнеше ауылда қоқыс полигондары пайда болады

15 Қыркүйек 2022, 14:55
1080
Бөлісу:
Павлодар облысында бірнеше ауылда қоқыс полигондары пайда болады

Ертіс өңірінде бірнеше ірі елді мекенде қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон салу бойынша жобалар әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Павлодардағы BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының хабарлауынша, биыл бірнеше жоба әзірлену үстінде. Полигондар Успен ауданының Галицкое, Тереңкөл, Ертіс аудандарының орталықтары мен Баянауыл ауданының Майқайың ауылдарында пайда болады. Мамандары 2023 жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірлемек.

Қазіргі уақытта жобалар облыстық экология департаментіне сараптамадан өтуге жолданды. Өңірдегі ірі полигондардың жанында пластикалық қалдықтарды қайта  өңдеу қолға алынған. Мәселен, Павлодар қаласында тұрмыстық қалдықтардан қапшықтар жасалады. Ал Екібастұз қаласының полигонында қуаттылығы 50 мың тоннаға жететін сұрыптау кешені жұмыс істейді. Шаһар аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек-бөлек жинауға арналған 1300-ден астам еуроконтейнер орнатылған, - дейді мамандар.

Облыста рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жоюға 50 млн теңге бөлінеді. Стихиялық нысандарды анықтау мақсатында «Ғарыш сапары» геопорталы құрылды. Осы күнге дейін 135 қоқыс орны жойылды. Олардың 80-нен астамы – Павлодар қаласында. 

 

Өзгелердің жаңалығы