Павлодар облысында бір айда 21 адамды кене шаққан

25 Сәуір 2019, 15:24
1449
Бөлісу:
Павлодар облысында бір айда 21 адамды кене шаққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Павлодар облысында кенелер өткен жылмен салыстырғанда ерте белсенділік таныта бастады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

«Кене сәуір айының басынан бастап тұрғындарды шаға бастаған, бірінші болып Ақсу ауылдық аймағы, Аққулы ауданы және облыс орталығының тұрғындары жүгінді», - дейді хабарлады облыстық қоғам денсаулығын сақтау департаменті жұқпалы және карантиндік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Алмагүл Исаханова.

Кенелер ауа температурасы +7 °С-тан жоғары көтерілгенде оянады. Әдетте сәуір айынан қыркүйек айына дейін аралық кенелер маусымы есептеледі, ең қауіпті кезең –  мамыр және маусым айлары.

Өткен жылы медициналық көмекке жүгінген адамдардың саны сәуір айының ортасынан басталып, айдың соңында жүз адамнан асқан. Алмагүл Исаханованың ақпаратына сүйенсек, жазғы маусымда 375 адамды кене шаққаны тіркелген. Көбінесе ауруханаға Павлодар және Ақсу қаласының тұрғындары жүгінеді.

Мамандар кенелер шөп өсімдіктерінде, сирек бұталарда жиі кездесетінін еске салады, бірақ ешқашан ағаштарға соқпайды, құламайды және секірмейді.

«Біздің облыста кене риккетсиоздарын кене энцефалитімен шатастырады, себебі екі аурудың да таратушылары – кене. - Кене энцефалитіне қарағанда кене риккетсиозы қатерсіз өтеді, ауру сауығумен аяқталады», - деп нақтылады ведомствода.

Өзгелердің жаңалығы