Павлодар облысында балаларға арналған даму мектебі ашылды

5 Маусым 2021, 15:48
2564
Бөлісу:
Павлодар облысында балаларға арналған даму мектебі ашылды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі Торайғыров университетінің қызметкерлері «Жас халық» бағдарламасына қатысып, жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.

Бұл бағдалама бойынша 18 жоба мақұлданды. Солардың бірі «TOU-JUNIOR» атты балаларға арналған даму және дағдылар мектебі. Жоба құны - 4 млн теңге. Кәсіпкерлер бұл соманы бес жылдың ішінде өтеулері тиіс. 

Жоба авторларының айтуынша, баста мақсат - балалардың мектеп пәндерін игерумен қатар, күнделікті тұрмыстағы дағдыларды меңгеруге көмектесу. Мектепті ашуға пандемия кезіндегі қашықтықтан білім алу кезіндегі қиындықтар түрткі болған. Бизнесмендердің айтуынша, әсіресе, 6-12 жас аралығындағы балалар оқу материалдарын игеруде қиналған. 

Орталық Торайғыров университетінде орналасқандықтан, оқу орны қызметкрелерінің балалары үшін ыңғайлы. 

Біздің университетте жоғары сынып оқушыларына арналған «Junior» мектебі бар. Енді орталықтың кеңейтіп жатырмыз. Болашақта 6-12 жас аралығындағы балаларды да қамтимыз. Мектептің мақсаты - балаларға күндізгі уақытта үй тапсырмасын орындауға көмектесіп, жалпы физикалық және әлеуметтік дағдыларын дамыту. Бір бала айына 15 рет келе алады. Қызмет бағасы қолжетімді, - дейді ұйымдастырушы Самал Антикеева. 

Мектеп аясында ұл-қыздар сауаттылық, оқу, математика, сөйлеу қабілетін дамыту, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, музыка, сурет бағыттары бойынша білімдерін жетілдіреді. Қазіргі уақытта жаңа нысанда жеті маман еңбек етеді. Сабақтарға 30 бала қатысуда.


Өзгелердің жаңалығы