Павлодар облысында балаларды оңалтудың бірыңғай жүйесі құрылады

8 Сәуір 2022, 17:15
1597
Бөлісу:
Павлодар облысында балаларды оңалтудың бірыңғай жүйесі құрылады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрын мемлекеттік органдар орналасқан ғимараттар мен үй-жайларда балаларды оңалту орталықтары ашылады. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов түрлі бағыттарда жұмыс істейтін балаларды оңалтудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыруды тапсырды.

Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Павлодар аудандық сотының бұрынғы ғимаратында аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған күндіз келу орталығы ашылады. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова ерекше балалар мұнда өнер, музыка және еңбек терапиясымен айналыса алатынын айтты.

Павлодар облысында балаларды оңалтудың бірыңғай жүйесі құрылады

Жоба бойынша ойын бөлмесі, тігін, қыш құмыра жасау және ағаш шеберханасы, сенсорлық бөлме қарастырылған. Ең бастысы, мұнда кез келген қоғамдық көлік түрімен - трамваймен де, автобуспен де, маршруттік таксимен де жетуге болады, - деді Альмира Дисюпова. 

Әбілқайыр Сқақов өңірде аутистік спектрінде бұзушылықтары бар балаларға қызмет көрсетуге сұраныс жоғары екенін атап өтті. Ол ерекше балаларды оңалту, қажет болған жағдайда емдеу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауды тапсырды.

Қазір біздің міндетіміз - сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізіп.  Сонымен қатар, орталықта жұмыс істейтін мамандарды, психологтарды оқыту қажет, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. - деді өңір басшысы. 

Облыс әкімі орталықтың тезірек ашылуы үшін жөндеу жұмыстарын жаздың соңына қарай аяқтауды тапсырды. Әбілқайыр Сқақов жауапты тұлғаларды жөндеу жұмыстарын қатаң бақылауға алып, мердігермен тығыз жұмыс істеуге міндеттеді.

Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ардақ Күзеков жаңа корпус салу жоспары туралы хабарлады. Сонымен қатар, ол қолданыстағы ғимараттарды бір-біірмен галерея арқылы қосу жоспарлары туралы айтты.

Павлодар облысында балаларды оңалтудың бірыңғай жүйесі құрылады

Жаңа корпуста біз пациенттерді қабылдауға арналған триаж-орталығын орналастырғымыз келеді. Барлық пациенттер жоспарлы, операцияға жататын және шұғыл көмекті қажет ететін деп үш санатқа бөлінеді, - деді Ардақ Күзеков. 

Әбілқайыр Сқақов балаларға жоғары мамандандырылған амбулаториялық және стационарлық көмек көрсететін медициналық мекеменің бірегейлігін атап өтті. Ол құрылыс басқармасына қала әкімдігімен бірлесіп, жоспарланған құрылыс орнындағы коммуникациялар желісін зерделеуді тапсырды.

Павлодар облысында балаларды оңалтудың бірыңғай жүйесі құрылады

Сізге жер асты құбырларының топологиялық түсірілімін жасауды тапсырамын. Құрылыс мүмкіндігі бар-жоғын білу үшін бұл жұмысты жедел жүргізу қажет, - деді өңір басшысы. 

Бұрынғы балалар санаторийінің базасында облыстық оңалту орталығы жұмыс істейтін болады. Мұнда олар жарақаттардан кейін, ортопедиялық операциялардан туындаған, туа біткен ақауларды түзету, соматикалық және неврологиялық аурулардан кейінгі емдеу мен күтімді ұсынылады.

Облыс әкімі құрылыс басқармасының басшысы Қадылжан Сатиевке ғимаратты қайта құру және аумақты абаттандыру жоспарын жасауды тапсырды. Әбілқайыр Сқақов осындай орталықтардың еліміздегі және шет елдердегі үздік тәжірибелерді зерттеу қажеттігін атап өтті.

Павлодар облысында балаларды оңалтудың бірыңғай жүйесі құрылады

Біздің балалар облыстан немесе елімізден ұзап шықпай-ақ сапалы ем алуы үшін орталыққа ең заманауи жабдықтарды сатып алу керек. Оңалту орталығы балалар мен олардың ата-аналары үшін тартымды орынға айналуы тиіс, - деді облыс әкімі. 

Облыстық перинаталдық орталықта өңір басшысы перзентхана қызметкерлеріне әлеуметтік нысандарды бастапқы мақсатына сәйкес мемлекет қажеттілігіне қайтару бойынша жүргізіліп жатқан саясат туралы айтып берді.

Кезінде медициналық мекемелердің ғимараттары әкімшілік органдарға немесе бизнес субъектілеріне берілген еді. Қазір кері үдеріс жүріп жатыр - әкімшілік ғимараттардың орнында әлеуметтік нысандар ашамыз, - деді Әбілқайыр Сқақов. 

Екінші қалалық аурухананың бөлімшесі орналасқан Торайғыров көшесіндегі екі қабатты ғимаратта «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылады. Қайта құру мен ашудан кейін мұнда кең ауқымдағы ем-дом жүргізіледі. Орталықта реабилитолог, невропатолог, сурдолог, логопед, дефектолог және эрготерапевт сияқты мамандар емдеп, кеңес береді.

Павлодар облысында балаларды оңалтудың бірыңғай жүйесі құрылады

Облыс басшылығы Лермонтов-Мәшһүр Жүсіп көшелерінің бұрышында орналасқан балаларды оңалту орталығын кеңейтуді де жоспарлап отыр. Қазір орталық бұл үй-жайды Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментімен бөлісіп отыр. Мемлекеттік орган көшкеннен кейін жалпы ауданы үш жүз шаршы метрге жуық орын босайды. Жөндеуден кейін мұнда ЕДШ кабинеттерін орналастыру және сәбилерге арналған бассейн салу жоспарланып отыр. Орталық басшылығы ғимарат көлемі ұлғайғаннан кейін бір ауысымдағы келушілер саны жүзден жүз отызға дейін артады деп болжап отыр. Оңалту орталығы екі ауысымда жұмыс істейтінін ескерсек, тегін ем алатындар саны екі жүз алпысқа дейін артады.

Биыл әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар тәрбиеленетін мамандандырылған балалар үйінде де күрделі жөндеу өтеді. Ғимараттың терезе және есік жақтауларын, жылу жүйесі мен электр сымдарын толық ауыстыра отырып, қасбетті және ішкі үй-жайларды жөндеп, қосалқы аумақты абаттандыру жоспарланып отыр.

Жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың арқасында өңірде балаларды амбулаториялық-стационарлық емдеу мен оңалтудың толыққанды тізбегі құрылады.

Өзгелердің жаңалығы