Павлодар облысында 100-ден астам ауылдың инфрақұрылымы жақсарады

14 Наурыз 2021, 15:18
1815
Бөлісу:
Павлодар облысында 100-ден астам ауылдың инфрақұрылымы жақсарады
Фото: автордан

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда.

Аймақта бағдарламаны жүзеге асыру барысында бұдан былай 300-ден астам халқы бар елді мекендерге басымдық беріледі. Нақтырақ айтқанда, бірінші кезекте білім беру ошақтары, мәдени, медициналық мекемелердің ғимараттары жөнделеді.

Облыстық экономика және жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчуктің хабарлауынша, ауылдардағы жолдар мен әлеуметтік мекемелерді жөндеу мен тұрғызуға арналған қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді.

Ал нысан аумақтарын абаттындыру, көшелерді жарықтандыру жұмыстарына қаржы облыстық бюджеттен қарастырылады. Жобалар аудандық бюджет есебінен де жүзеге асырылады. Бұл қаражат спорттық және балалардың ойнау алаңдарын ретке келтіруге жұмсау ұсынылды, - дейді Ирина Назарчук.

Айта кетейік, бағдарламаны жүзеге асыра басталғалы бері, екі жыл ішінде 20 ауылда ауқымды абаттандыру шаралары қолға алынды. Ал биылғы жылы аумақтары ретке келтірілген елді мекендер саны 23 ауылмен толықпақ. Облыстық билік өкілдерінің мәліметінше, 2026 жылға қарай өңірдегі 108 елді мекеннің инфрақұрылымы жасқарады. Қазіргі уақытта жоспарлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы