Павлодар облысында 800-ден астам пәтер беріледі

Павлодар облысында 800-ден астам пәтер беріледі
2757

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде өңірлік ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Қапенов ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік мерекесіне арналған дайындық шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мерекені өткізуге этономәдени орталықтарын, азаматтық қоғам мен қәсіподақ өкілдерін тарту маңызды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарында салтанатты шаралар өткізуге, түрлі салаларды дамытуға үлес қосқан азаматтарды марапаттауға кеңес беріледі. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мен қайырымдылық шаралар, Ашық есіктер күні ұйымдастырылады, - деді Бауыржан Қапенов.
Басқарма басшысының айтуынша, өңірде 500-ден астам шараға 300 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр. 29 қараша күні сағат 10.00-де барлық мектептерде жалпы республикалық "Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары" тақырыбында сабақтар мен дәрістер өтеді.

Мәдениет сарайында  мерекелік концертте алғаш рет 10 аталым бойынша 500 мың теңгеден "Ертіс дарыны" жастар сыйақысы ұсынылады. 13 желтоқсанда Естай атындағы мәдениет сарайында салтанатты жиында мемлекеттік наградалар тапсырылады. 1 желтоқсан күні "Сарыарқа" шағын ауданында тоғыз қабатты № 25-ші тұрғын үйдің 72 пәтердің кілті табыс етіледі.

Сондай-ақ Павлодар электроника және коммуникация колледжінің 200 орындық жатақханасы ашылады. 26 қарашада Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кентінде екі үйде 85 пәтер  беріледі. 16 желтоқсан күні қарсаңында облыстық онкологиялық диспансер, футбол манежі, тоғыз қабатты 7 үйде 752 пәтер, жеке тұрғын үй құрылыс аумағында 18 пәтер, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілері қолданысқа енгізіледі. 



Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы