Павлодар облысында 42 шағын мұз айдыны ашылады

2 Желтоқсан 2021, 09:14
1066
Бөлісу:
Павлодар облысында 42 шағын мұз айдыны ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шаңғы жолдары мен балаларға арналған сырғанақтар да салынады, деп жазды «Хабар 24».  

Бұқаралық спортты дамытуға мектеп ұжымдары да көмек беріп жатыр. Яғни, мектеп жанынан шағын корттар ашылады. Балаларды салауатты өмір салтына баулу мақсатында мұғалімдердің бастамасымен шағын мұз айдындары құйылады. 


Коньки тебу – әдемі спорт түрі. Жаныма өте жақын. Өзімді мұз үстінде ұшып жүргендей сезінемін. Сырғанауды ағам үйретті. Бұған дейін басқа жерлердегі корттарға барып жүрдік, қазір осында келіп жүрміз. Мұғалімдер қыс мезгілінде оқушылардың бос уақытын тиімді қамтуды көздейді. Бұл мақсатқа спорт арқылы жетуді қалайды, - деді оқушы Милана Черебаева.

Осы тектес коньки тебу орындары Павлодар қаласының барлық мектептерінде бой көтермек. Бас-айғы 42 шағын мұз айдыны салынады. Ал бірнеше күннен кейін шаңғышылар да көптен күткен жаттығуларына шығады. Облыста қысқы спорт маусымы ресми түрде жақын күндері ашылады.


Өзгелердің жаңалығы