Павлодар облысында 300-ден астам кәсіпкерлік жоба қолдау табады

18 Мамыр 2023, 12:47
581
Бөлісу:
Павлодар облысында 300-ден астам кәсіпкерлік жоба қолдау табады

Биыл Ертіс өңірінде 2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы аясында 324 жоба қолдау таппақ, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Қолдау несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, несиелерге кепілдеме беру, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған гранттар, өндірістік инфрақұрылымды тарту бағыттары бойынша көрсетіледі.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сағыныш Нұркимбаевтың айтуынша, өткен жылы 2 мыңға жуық жоба қолдау тапқан.

Несиелік портфель құны – 34 млрд. теңге. Ал биылғы ұлттық жоба бойынша 13,7 млрд. теңге бөлініп, кем дегенде 500 жобаға қолдау көрсету жоспарланып отыр. Сонымен қатар жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 82 млн. теңге бөлінді. Гранттар байқауы маусым айында басталады. 5 млн. теңгеге дейінгі жобаларға арналған гранттар қайтарымсыз сипатқа ие. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 18 айдан аспауы керек. конкурсқа қатысудағы тағы бір шарт – жоба нәтижесінде жұмыс орындары ашылуы және тиісті инфрақұрылымның болуы. Жобаларды арнайы комиссия іріктейді. Мүшелердің құрамы жыл сайын жаңартылып отырады, - дейді Сағыныш Нұркимбаев.  

Сонымен қатар, биыл коммуникация құрылысына қатысты 6 жоба жүзеге асырылмақ. Оған 2,4 млрд. теңге бөлінеді. Жоба сәтімен жүзеге асырылса, 178 жұмыс орны ашылып, жыл сайын 551 млн. теңге көлемінде салық түседі.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өңірде 60 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Бұл орындарда 136 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Мемлекеттік қолдаудың көмегімен олардың саны жыл сайын артып келеді.  

Өзгелердің жаңалығы