Павлодар облысында 25 жағажай пайда болады

17 Мамыр 2022, 19:15
1719
Бөлісу:
Павлодар облысында 25 жағажай пайда болады
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде шомылу маусымына дайындық жүргізілуде. Мамандар қала тұрғындары демалатын орындарды тексеріп жатыр.

Биыл төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жабайы жағажайларда қауіпсіз орындар жасақтап, құтқарушылардың кезекшілігін ұйымдастырмақ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы Қайрат Бертібаевтың айтуынша, қазіргі уақытта шомылу маусымы бойынша рейдтік шаралар басталып кетті.

Шомылу маусымының мерзімі климаттық жағдайға байланысты анықталады. Ертіс өзені көктемгі су босатудан соң өз арнасына енуі тиіс. Кейін құтқарушылар су айдындарының түбін тексереді. Қажет болса, аумақтарды қоқыстан тазартады. Жағажай қауіпсіз екеніне көз жеткізілген соң инфрақұрылымы жасақталады. Яғни, арнайы орындар, құтақарушы бағаналары орнатылады. Қала-аудандардың жергілікті билік өкілдерінің ақпараты бойынша жағажайларды абаттандыруға 110 млн теңге бөлінген. Жағажайлар Павлодар қаласы, Железин, Май, Ертіс аудандарында қаражат қарастырылған. Сонымен қатар өткен жылы 85 каркасты-модульді бассейндер орнатылды. Бұл құралдар балабақша аумақтарында орнатылып, балаларды жүзуге үйретуге бағытталған, - дейді Қайрат Бертібаев. 

Биыл жағажайлар саны 42-ге жетпек. Ал өткен жылы ресми түрде 17 орын ашылған. Айта кетейік, әзірге шомылу маусымы ашылған жоқ. Десе де, адам көп жиналатын орталық жағажайда құтқарушылар жасақтары кезекшілік атқаруда.

Өзгелердің жаңалығы