Павлодар облысында 20-дан астам туристік полиция инспекторы іске кірісті

29 Маусым 2021, 17:26
1817
Бөлісу:
Павлодар облысында 20-дан астам туристік полиция инспекторы іске кірісті
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында 20-дан астам полиция инспекторлары жұмысқа кірісті. 15 тәртіп сақшысы Баянауыл ауданының курорттық аймақтарында, ал бес полицей облыс орталығында жұмыс істейтін болады.

Туристік полиция бөлімшелері Баянауыл ауданының Жасыбай және Сабындыкөл көлдерінің маңында орналасқан. Себебі бұл көрікті жерлерге туристер көптеп жиналады.

Павлодар аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Мұрат Мұсатаевтың айтуынша, туристік полицейлер мұқият таңдалған. Себебі оларға қосымша жауапкершілік артылады.

Павлодар облысында 20-дан астам туристік полиция инспекторы іске кірісті

Бұл полицейлер үздік кәсіби дағдыларға ие болумен қатар, бірнеше шет тілін білулері тиіс. Нақтырақ айтқанда, ағылшын, қытай, неміс тілдерін меңгерген. Сонымен қатар Қазақстан тарихын біліп, азаматтармен жақсы тіл табысулары қажет. Өйткені тынығуға келген туристердің сұранысын өтеу керек. Сонымен қатар, біз оларды іріктеуде іскери қасиеттері, сыртқы келбеті мен адамгершілік қасиеттеріне басымдық бердік, - дейді Мұрат Мұсатаев.
Айта кетейік, облыста туристік полиция бөлімшелері үш жыл бұрын құрылған. Мамандар материалдық-техникалық базамен толық қамтылған. Жуырда Сабындыкөлдің жағасында туристік полиция ғимараты ашылды. Мекемеде бейнебақылау камералары орнатылған. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары электромобиль мен квадрациклмен жүре алады.

Павлодар облысында 20-дан астам туристік полиция инспекторы іске кірісті

Облыстық полиция департаменті мамандарының айтуынша, туристік инспекторлардың жұмысы құқықбұзушылықты болдырмау немесе заңды бұзған адамдарды ұстаумен шектелмеуі тиіс. Тағы бір міндет - Қазақстанның туристік әлеуетін арттыруға атсалысып, шетелдік меймандарға мол мағлұмат беру.

Бүгінде Баянауыл ауданының демалыс орындары жұмысқа кірісті. Бұл жерге алыс-жақын шетелдік қонақтар келеді. Былтыр өңірдің көрікті жерлерін 70 мыңнан астам азамат тамашалаған.

 

Өзгелердің жаңалығы