Павлодар облысында 190-нан астам көшенің аты өзгеруі мүмкін

18 Қыркүйек 2019, 00:38
1787
Бөлісу:
Павлодар облысында 190-нан астам көшенің аты өзгеруі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасының Павлодар облысында жүзеге асырылуы туралы» баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, ономастика жұмыстары бөлімінің басшысы Батырбек Қайыр айтып өткендей, соңғы үш жылдың ішінде Павлодар облысында ономастика бағытында біршама жұмыстар атқарылды.

Атап айтсақ, 2016 жылы 122 көшенің атауы өзгертілді, 2017 жылы – 180, 2018 жылы – 99 көшенің атауы жаңарды. Батырбек Қайырдың сөзіне қарағанда, биыл бұл бағытта да біршама өзгерістер енуі мүмкін.

"Биыл алты көшенің атын өзгерту ономастикалық комиссияда қаралды. Бірақ қараша айында комиссияның тағы бір отырысы жоспарланып отыр. Оған 190-нан астам көшенің атын өзгерту жөнінде ұсыныс келіп түсті. Дегенмен, олардың барлығының аттары өзгертіледі деуге болмайды. Ол үшін заңның барлық талаптары орындалуы керек", - дейді Батырбек Қайыр.

Ономастика жұмыстары бөлімінің басшысы қандай атаулардың өзгертілетінін тағы бір қадап айтты. Идеологиялық тұрғыда ескірген, мән-мағынасы түсініксіз немесе тарихи атаулары бар атаулар жаңаруда. Батырбек Қайыр мысал ретінде «Қызыл Октябрь» немесе «Путь Ильича» сынды көнерген атауларды атады.



Өзгелердің жаңалығы