Павлодар облысында 162 жылыту пункті жасақталмақ

16 Қаңтар 2021, 18:27
1151
Бөлісу:
Павлодар облысында 162 жылыту пункті жасақталмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында 162 жылыту пункті жасақталмақ, деп жазды Рavlodarnews.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Асқарбек Омаровтың айтуынша, оған барлығы 14 550 сияды.

Жылыту пункттерінің 146-сы жергілікті атқарушы органдар, 11 жол қызметтері, екеуі «Қалқаман» және «Шідерті» ЖСШМ, үшеуі «Вахтовка» мобильді пункті. Құтқару операцияларын жүргізуге дайындық мақсатында қар құрсауы жағдайында төтенше жағдайлар департаменті тексеру жүргізіп,  жоғары өту техникаларын дайындады. Қар құрсауынан зардап шеккендерге көмек көрсету, сондай-ақ адамдарды эвакуациялау үшін Екібастұз қаласы мен Ақтоғай ауданына өтімділігі жоғары техника мен мүлік көшірілді, - дейді Асқарбек Омаров.

Бүгінгі күні «Қазақавтожол» ЖШС облыстық филиалында техниканың нақты дайындығы 78%-ды құрайды, қолда бары - 86, жарамдысы – 69 және жөндеуде 17 техника бар.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2020 жылы 51 дауылды ескерту келіп түскен. Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «ҚазАвтоЖол» АҚ филиалының шешімі бойынша республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 70 рет шектеу енгізген.

Олардың ішіндегі ең проблемалы учаскелер: Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін «Нұр-Сұлтан – Ерейментау - Шідерті» автокөлік жолдары. Осыған ұқсас жағдайларға жол бермеу мақсатында «Нұр-Сұлтан – Ерейментау - Шідерті» автожолдары ағымдағы қысқы кезеңде ДЭУ-60 техникасы Қалқаман кентіне көшірілді.

Сондай-ақ, онда өткен қысқы кезеңде айналма жолдың салдарынан техника кептелісі орын алған Шідерті кентіндегі көпірді қайта жаңарту аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы