Павлодар облысында 118 мыңға жуық адам зейнетақы алады

7 Қаңтар 2021, 01:15
1359
Бөлісу:
Павлодар облысында 118 мыңға жуық адам зейнетақы алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы онлайн өткен баспасөз жиынында еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Евгений Губарев мәлім етті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Оның айтуынша, заңға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 5%-ға, зейнетақы мөлшері 7%-ға өсті.

Еліміздегі әлеуметті төлемдер мен зейнетақы ең төменгі күнкөріс мөлшері мен айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне байланысты. Солар арқылы есептеліп, тағайындалады. 2021 жылдан бастап Қазақстанда ең төменгі күнкөріс мөлшері 34 302 теңгеге дейін өсті және айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңге болып өсті. Тиісінше зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылардың сомасы да көтерілді, - деді Евгений Губарев.

Департамент басшысының айтуынша, 1 қаңтардағы жағдай бойынша Павлодар облысында барлығы 309 мың зейнетақы және әлеуметтік төлемдер тағайындалып, төленді.

Бұл 309 мыңның ішінде бірнеше төлем алатын адамдар да бар. Ал, зейнетақыны 117 898 зейнетақы алады. Сондай-ақ зейнетақының ең аз мөлшері 43272 теңге болып бекітілді. Ең аз базалық зейнетақы төлемі 18524 теңгені құрады, - деді Евгений Губарев.

Сонымен қатар, бала туылғанға және бала күтіміне қатысты төлемдер де өсті. Бүгінде жаңа туған балаға (бірінші, екінші, үшінші балаға) 110 846 теңге төленеде. Егер төртінші немесе одан кейінгі бала болса, 183 771 теңге бір реттік төлем тағайындалады.



Өзгелердің жаңалығы