Павлодар облысынан елордаға 500 тоннадан астам өнім әкелінеді

8 Қазан 2019, 20:09
1642
Бөлісу:
 Павлодар облысынан елордаға 500 тоннадан астам өнім әкелінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі 11-12 қазан күндері өтеді. Бас қалаға 500 тоннадан астам өнімін Павлодар облысының тауар өндірушілері әкеледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Ауылшаруашылық жәрмеңкеге облыстың 90-нан астам кәсіпорны қатысады. Павлодарлық фермерлер елордаға 160 млн теңгенің  510 тонна өнімін әкеліп сатады. Оның ішінде 60 тонна ет пен ет өнімі, 20 тонна сүт, 50 тонна бакалеялық өнім (жұмыртқа, жарма, ұн, нан өнімдері, бал, күнбағыс майы), 240 тонна картоп пен 140 тонна көкөніс бар", - делінген таратылған ақпаратта.

Жәрмеңкеде республика көлемінде танымал тауар өндірушілердің өнімдері сатылады.


Өзгелердің жаңалығы