Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталды

8 Сәуір 2022, 10:25
1379
Бөлісу:
Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ-мен бірлесіп, өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Павлодар облысы бойынша облыстық полиция Департаменті бастығының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстады, - делінген агенттіктің хабарламасынжа.

Мәліметке сәйкес ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. 

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы