Павлодар облысында індет жұқтырғандар саны 90-нан асты

25 Сәуір 2020, 22:58
1125
Бөлісу:
Павлодар облысында індет жұқтырғандар саны 90-нан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы 2 адам туралы ақпарат берді.

COVID-19-ды Павлодар қаласының екі тұрғыны жұқтырған, олар 1963 жылғы әйел адам және 1977 жылғы ер адам. Екеуі де бронхит алдын-ала диагнозымен тексерілген, короновирус инфекциясы 25 сәуірде анықталды. Олармен байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынды - делінген хабарламада.

Бүгінде Павлодар облысында коронавирус инфекциясын 91 адамның жұқтырғаны белгілі.

Өзгелердің жаңалығы