Павлодар облысы бойынша 100 мың текше метрге жуық су сорылды

1 Сәуір 2024, 15:09
330
Бөлісу:
Павлодар облысы бойынша 100 мың текше метрге жуық су сорылды

Бұл учаскелерде тәулік бойы су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

1 сәуірдің жағдайы бойынша облыстың бақылауындағы автокөлік жолдарының 3 учаскесі (1 облыстық Успен ауданында «Чернорецк-Ольгино-Успен» автокөлік жолы және 2 аудандық маңызы бар Ақтоғай ауданында «Жолболды-Шелекті» автожолында Шолақсор ауылына кірме жол) су басу жағдайы орын алды, сонымен қатар елді мекендердегі су тасқынына қарсы 10 учаскесі бақылауда (Ақсу қ.-1, Ақтоғай–2, Тереңкөл–2, Успен-1, Ертіс-3, Шарбақты-1). Бұл учаскелерде тәулік бойы су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілуде.

Облыс бойынша барлығы 399 адам, 130 бірлік техника, 44 мотопомпалар, 2 жүзу құралдары жұмылдырылды. Бұл ТЖД, ЖАО, жол қызметі және полиция департаментінің күштері мен құралдары.

Өткен тәулікте 98 885 м3 еріген су сорылды, 4130 дана қапшықтар салынды, 2010 тонна инертті материал төселді. Облыстың су тасқынына қарсы жағдайлары бойынша бірыңғай шешім қабылдау және үйлестіру мақсатында жедел штабтың тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылды, аталмыш штабтар облыстың барлық қалалары мен аудандарында ұйымдастырылды, - деп жазды Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы