Ақмола және Павлодар облыстарында соңғы тіркелген науқастар жайлы

19 Сәуір 2020, 10:27
1575
Бөлісу:
Ақмола және Павлодар облыстарында соңғы тіркелген науқастар жайлы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Ақмола және Павлодар облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы науқастар туралы ақпарат таратты.

Ақмола облысы бойынша 1 адам індет жұқтырған.

Целиноград ауданында бұған дейін вирус табылған үй ошағындағы 2000 жылғы қыз баланың тапсырған анализі оның коронавирусты жұқтырғанын көрсетті. Байланыста болған адамы вирусты жұқтырғаны үшін, бұл азаматша да сол уақытта оқшауланған болатын. Зарарсыздандыру шаралары жүргізілді, қатынасқан адамдары анықталды. Қазіргі таңда азаматша жұқпалы аурулар госпиталіне жатқызылған - делінген хабарламада.

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған жаңа төрт жағдай тіркелді.

COVID-19 Павлодар қаласының екі тұрғынында; ол 1988 жылғы ер адам және 1995 әйел адамда, сондай-ақ Екібастұз қаласының екі тұрғынында; ол 1955 жылғы әйел адам мен 1961 жылғы ер адамда тіркелген. Барлық науқастар бұрын COVID-19 анықталған жағдаймен байланыста болған. Барлық  жағдай бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып жатыр, оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы