Павлодар мектептерінде 10 мыңнан астам бейнекамера жұмыс істеп тұр

2 Қыркүйек 2022, 16:25
1441
Бөлісу:
Павлодар мектептерінде 10 мыңнан астам бейнекамера жұмыс істеп тұр
Фото: автордан

Павлодар облысындағы мектептерде 10 мыңнан астам бейнекамера жұмыс істеп тұр. Өткен жылғы мониторинг нәтижесінде құралдар аз орнатылған оқу орындары анықталып, қауіпсіздік шаралары пысықталған, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Ендігі мақсат – нысандардағы камераларда полиция департаментінің жедел әрекет ету орталығына қосу. Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафиновтың айтуынша, бұған дейін мектептер тексерілген. 

Білім беру ошақтарының техикалық жабдықталуын қарадық. Қазіргі уақытта облыс аумағындағы 359 мектепте 10 мың 405 бейнекамерамен қамтылған. Жабдықтау көрсеткіші 100%. Жедел басқару орталының жүйесі орта білім беру нысандарын онлайн режимде бақылай алады. Бүгінде 108 мектеп осы жүйеге қосылды. Яғни, төрт мыңнан астам құрал арқылы қарауға мүмкіндік бар. осылайша, мектептерді қашықтықтан қарай аламыз. Қауіпсіздік шараларын күшейті мақсатында турникеттер орнатылды. Ал дабыл батырмалары  барлық ғимаратта бар, - дейді Қуаныш Мұстафинов.

Павлодар мектептерінде 10 мыңнан астам бейнекамера жұмыс істеп тұр

Айта кетейік, аймақтың 106 мектебінде мамандандырылған күзет қызметі жұмыс істеп жатыр. Қалған объектілерде қарапайым күзетшілер жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта барлық мектептер мамандандырылған күзет қызметіне көшіріледі. Тиісті құжаттар рәсімделіп жатыр.

Өткен жылғы тексеріс көтсеткендей, білім беру ошақтарындағы балалар қауіпсіздігіне орта жастағы азаматтар жауапты. Бүгінде күзет мамандарымен ортақ әрекет ету алгоритмі бар. Мәселен, дабыл батырмасы басылған соң полицейлер оқиға орнына 5-7 минут ішінде жетеді. Бұл оқу-жаттығу шаралары барысында белгілі болды. 

Жаңа оқу жылы басталған соң орта білім беру нысандарының аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. 

Өзгелердің жаңалығы