Павлодар әуежайында цифрлық құжаттар сервисі іске қосылды

15 Желтоқсан 2021, 14:32
1369
Бөлісу:
Павлодар әуежайында цифрлық құжаттар сервисі іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар әуежайында жеке деректерді растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті ұсыну мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

 «Павлодар әуежайы» АҚ-ның мәлімдеуінше, әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov Mobile қосымшасында тіркелген пайдаланушы  «цифрлы құжаттар» сервисіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдауы қажет.

Ұшатын жолаушылар әуежайдың тіркеу бағанасында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде eGov Mobile қосымшасынан QR-кодты сканерлеген смартфонның экранын көрсету қажет, - делінген баспасөз қызметінде.

Цифрлық құжаттар сервисі пилоттық режимде жұмыс істейді. 

Жаңа қызметті әуежайларда пайдалануды жоспарлап отырған жолаушыларға  ұшар алдында өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын алып жүруді ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы