Павлодар әуежайынан халықаралық рейс ұшты

28 Желтоқсан 2021, 21:15
1159
Бөлісу:
Павлодар әуежайынан халықаралық рейс ұшты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар әуежайынан Омбыға қарай алғашқы борт аттанды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Аэропорт Павлодар» АҚ басқарма басшысы Ескендір Жандәулетов айтып өткендей, Павлодар – Омбы қаламыздан бағытталатын жалғыз халықаралық рейс. Багажсыз минималды бағасы 36 мың теңге. Бұл Мәскеуге дейінгі ыңғайлы өтпелі рейс. Мәскеуге дейін багажсыз 60 мың теңге, Новосібірге дейін 50 мың теңге. Ұшу үшін 48 сағатқа дейінгі ПТР-тесті қана қажет,-дейді Ескендір Жандәулетов.

Рейс апта сайын сейсенбі күндері жүзеге асырылады. Павлодарға келетін уақыты сағат 13:50, ал 14:50-де Омбыға барады. 
Рейс «Airbus А320» «Сібір» әуекомпаниясының 174 орындық ұшағымен орындалады. Әзірше бізден барғанда салонды 50 процентке, ал Омбыдан 100 процентке толтыруға рұқсат берілген.

Бүгінде Павлодардан Алматыға аптасына тоғыз рейс «FlyArystan» және Түркістанға «Scat» арқылы аптасына үш мәрте жол жүруге мүмкіндік бар. Қысқы навигация наурыздың соңына дейін жоспарланған.

 

Өзгелердің жаңалығы