Павлодар ауданында наубайхана мен ірімшік цехы іске қосылады

7 Маусым 2023, 04:23
1006
Бөлісу:
Павлодар ауданында наубайхана мен ірімшік цехы іске қосылады
Фото: stan.kz

Наубайхана бір кезекте 500 бөлке нан шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар ауданының әкімі Николай Дычко айтты.

Черноярка ауылдық округінде наубайххана салынуда. Ол жерде бір кезекте 500 бөлке шығарылатын болады. Сонымен қатар Чернорецк аулында шағын ірімшік цехы жұмысын бастайды, – дейді Николай Дычко.

Бұдан бөлек, аудан әкімі өткен жылмен салыстырғанда жалпы егін алаңы 5% көбейгенін атап өтті.

Биылғы жылы жаздық егіс алаңы бақылау өткізу кезінде 89 мың гектар құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар – 52,7 мың гектар, майлы дақылдар – 13,6 мың, картоп – 4,1 мың, көкөністер – 3,8 мың гектар. Орташа өнімділігі 350 ц/г болатын көкөністердің жалпы жиыны 270 мың тоннадан асады деп күтілуде, – деді Николай Дычко.

Оның айтуынша, ауданда көкөністер мен картопты сақтау үшін жалпы сақтау көлемі 143,7 мың тонна болатын 59 көкөніс қоймасы бар. Сонымен қатар, ағымдағы жылы жалпы сыйымдылығы 32,6 мың тонна болатын климаттық бақылаумен жабдықталған 4 көкөніс қоймасын салу жоспарлануда.

Биылғы жылдың соңғы төрт айында ауданның ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 10,9 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың деңгейінен 9%-ға артық. 1 мамырындағы жағдай бойынша ет өтімі 104,5%, сүт өтімі 119,1% құрады.

Өзгелердің жаңалығы