Павлодар ауданы Кемеңгер ауылында 250 орындық мектеп ашылды

17 Желтоқсан 2020, 01:33
3396
Бөлісу:
Павлодар ауданы Кемеңгер ауылында 250 орындық мектеп ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді Павлодар ауданының ең ірі ауылдарының біріндегі мектептерде оқыту бір ауысымда жүргізіледі, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, күрделі жөнделіп, қосымша ғимарат салынғаннан кейін бастауыш мектеп пайдалануға берілді. Оқу орны «Заманауи мектеп» жобасы бойынша жабдықталған. Ғимаратта 12 кабинет, акт және спорт залдары, кітапхана, асхана және медициналық блок бар. Бастауыш буыннан басқа, мұнда енді мектепалды даярлық курстары да жүргізілетін болады.

Кемеңгерде 350 орындық мектеп бар, бірақ оның қуаты тек екі ауысымда - таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейінжұмыс істеу үшін жеткілікті болған еді. Енді жоғарғы сыныптар да, бастауыш мектеп те бір ауысымда оқитын болады. Балалар жаңа мектепті көрді және олар қайтадан партаға отыру үшін карантиннің аяқталғанын асыға күтіп жүр, - дейді Павлодар ауданының білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәуле Нұрғалиева.
Ғимарат «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жөнделді. Сыныптар қазақстандық өнімдермен жабдықталды, атап айтқанда, Павлодарда жасалған жиһаздар сатып алынды.
Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқасында біз әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қатысты көптеген мәселелерді шеше алдық. Отандық құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын, жиһаз және басқа да өнімдер шығаратын жергілікті өндірушілерді қолдауға мүмкіндік туды. Ортақ міндетті бірлесіп шештік, - деп атап өтті Тәуелсіздік күні жаңа мектепке барған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Өзгелердің жаңалығы