Павлодар ғалымдары «Қалмақ қырылған» жерінің мұрасын зерттеуде

1 Тамыз 2019, 20:50
2058
Бөлісу:
Павлодар ғалымдары «Қалмақ қырылған» жерінің мұрасын зерттеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары «Қалмақ қырылған» жерінің археологиялық мұрасын зерттеуде. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Павлодар мемлекеттік университеті баспасөз қызметінің мәліметінше, сарапшылар Май ауданына барып, ХVIII ғасырда болған әскери-саяси оқиғалардан хабар беретін деректерді іздестірумен айналысуда.

«Біз бұл аумақтағы таулардың шыңдарын барлаймыз. Себебі, аңыз бойынша бұл жерлерде бақылау бекеттері болған. Бұл нысандарды тапсақ, олжалы боларымыз сөзсіз», - дейді А.Х. Марғұлан атындағы біріккен археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының диреткоры, тарих ғылымдарының кандидаты Виктор Мерц.

Сонымен қатар, ғалымдар соғысқа қатысқан жауынгерлердің нақты санын анықтамақ.

«Қалмақ қырылған» жері жергілікті маңыздағы нысандар тізіміне енгізілген. Бұл экспедицияның мақсаты – бұл аумақты жалпыұлттық тарихи ескерткіштердің тізіміне енгізу.

ПМУ ғалымдары «Қалмақ қырылған» кітабын баспаға әзірлеуде. Еңбектің құрамына археологиялық зерттеулер, қалмақ-қазақтардың әлеуметтік-саяси қатынасына қатысты сарапшылық пікірлер, қазақ батырлары туралы мәліметтер, сонымен қатар, бұл жермен байланысты аңыздар енгізілген.

Бүгінгі таңда ғалымдар жоңғарлармен болған шапқыншылықтар қайда болғаны туралы түрлі пікір білдіруде. Сондықтан экспедициялар жалғасын таба бермек.

 

Өзгелердің жаңалығы