Павлодар қаласында 45 млн теңгеге стадион салынды

10 Қыркүйек 2019, 21:05
1740
Бөлісу:
Павлодар қаласында 45 млн теңгеге стадион салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғашқы болып футбол алаңын 16 қала мектептерінің спортшылары тексерді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Павлодар қаласының 1010 бала оқитын № 2 жалпы орта білім беру мектебінде жаңа стадионның тұсаукесері өтті. Мектеп директоры Надежда Асылбекованың айтуынша, алаң құрылысы 45 млн 180 мың теңгені құрады. Ақша қалалық бюджеттен бөлінді.

«Мектепке – 54 жыл. Осы жылдар ішінде тұңғыш рет футбол алаңы мен тартанды жүгіру жолдарын жасау туралы шешім қабылданды. Жүгіру жолы – асфальт, алаң – жер. Спортпен айналысып, сабақ өткізілетін. Бірақ қазірмен салыстыруға болмайды, - дейді Надежда Асылбекова.

Спорт алаңының ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Саян Мұқанов сөз сөйледі. Ол бұқаралық спортты дамыту - мемлекет дамуының басым міндеттерінің бірі және балаларды тәрбиелеудің маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Жаңа стадион толық өлшемді футбол алаңын, тартан жабыны бар жүгіру жолдарын, секіру шұңқыры мен мінбелерді қамтиды.

«Бізде қақпасы бар құм болатын, ойнауға ыңғайсыз еді. Қазір жақсы қақпасы бар жақсы алаң салынды. Біздің мектепте әркім футбол ойнауды жақсы көреді, әдетте сабақтан кейін ойнаймыз», - деді сегізінші сынып оқушысы Темірлан Арыспек.

Бірінші болып алаңды қала мектептерінің футболшылары тексерді. Білім бөлімінің хабарлауынша, 5-10 қыркүйек аралығында Павлодарда үшінші және төртінші сынып оқушылары арасында қалалық ашық футбол турнирі өтті. Жарысқа барлығы 16 команда қатысты.

Стадионның ашылу салтанатында турнирдің қорытындысы шығарылды. Бірінші орынды жеңіп алған № 21 ЖОМ футболшыларына Кубок табыс етілді. Екінші орынға № 23 ЖОМ, үшінші орынға № 22 ЖОМ ие болды.

Салтанатты рәсімге қатысушылардың алдында № 39 және 22 ЖОМ барабаншылары мен мажореттер сөз сөйледі, ал «Ертіс» ФК ойыншылары шеберлік сыныбын көрсетті.

 

Өзгелердің жаңалығы