Партияның қызметі мүлдем басқа. Тоқаев Nur Otan-ның қандай жұмыспен айналысуы керегін айтты

28 Қаңтар 2022, 15:46
1405
Бөлісу:
Партияның қызметі мүлдем басқа. Тоқаев Nur Otan-ның қандай жұмыспен айналысуы керегін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде сөйлеген сөзінде айтты.

Партия мемлекеттік органдардың жұмысын көшірмеу керек. Мемлекеттік аппараттың қызметі бір, партияның қызметі мүлдем басқа. Nur Otan негізінен идеологиялық және кадрлық жұмыстармен айналысуы керек, қажет жағдайда – мемлекеттік аппараттың жұмысына басшылық жасауы керек. Былтырғы сайлау нәтижесінде Nur Otan халық тарапынан қажетті сенім мандатын алды, - дейді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың сөзінше, атқарушы билік оны пайдаланбай, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың күрт нашарлауына жол берді. Бұйрықтар, жоспарлар, тапсырмалар көбінесе ресми түрде, қағаз жүзінде орындалды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Үкімет партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша жоспарланған көрсеткіштердің 74 пайызының орындалғаны туралы есеп берді. Бірақ бұл ақпараттың рас екеніне кім кепілдік береді? Партияның одан әрі өміршеңдігі сайлау алдындағы уәделердің қаншалықты орындалатынына байланысты екенін түсіну керек. Менің сенімім: шындықтан ажыраған және орындалмайтыны анық көптеген уәдені бермеген дұрыс, - деп атап өтті Президент съезде.

Өзгелердің жаңалығы