Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE

16 Наурыз 2022, 10:45
11797
Бөлісу:
Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшілері – Аягөз Құрмаш, Назым Бөлесова.


12:20 – Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын жабық деп жариялады.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE

12:19 – Мемлекет басшысы:

«Жаңа Қазақстанды» бірге өркендетейік. Қастерлі Отанымыздың тұғыры нығым, абыройы биік бола берсін!

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE

12:18 - Тоқаев:

Мен азаматтардың бүгін бақытты болуын қалаймын. Мен үшін елімнің амандығынан асқан құндылық жоқ. Мені, ең алдымен, халқымның болашағы қандай болатыны толғандырады. Қызметіме түрлі адамдардың беретін бағасынан гөрі, мемлекетімізді қорғап қалу – мен үшін аса маңызды міндет.

12:17 - Президент: 

«Жаңа Қазақстанда» біз негізгі ұстанымды ұстануымыз керек: көзқарастар әртүрлі, бір ұлт. «Жаңа Қазақстанды» құру елді дамытудың парадигмасын өзгертуді көздейді.

12:16 – Тоқаев:

Қазір саяси баррикадалар орнатып, әр мәселеге бола митинг өткізіп, күмәнді шешімдерге жетелеп, жөнсіз талап қоятын уақыт емес.

12:15 - Мемлекет басшысы:

Біз басты байлығымыз – Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, ұлттық бірегейліктің іргетасын нығайтып, елді өзгертуге жұмылуымыз керек. Бұл - біздің болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымыз.

12:14 – Тоқаев: 

Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан, баршаңызды «Жаңа Қазақстанды» құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін.

12:13 – Тоқаев «Жаңа Қазақстан» қандай болатынын айтып жатыр.

12:12 – Тоқаев: 

Бұл бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ, жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек.

12:11 – Тоқаев  мемлекеттік аппаратты бюрократизациялау туралы жарлыққа қол қоятынын айтты.

12:10 – Тоқаев:

Үкімет жанынан құрылған жедел штаб бір уақытта ақпаратты нақты уақыт режимінде талдайтын, сондай-ақ төтенше жағдайлардың нақты шараларын әзірлейтін Ситуациялық орталық ретінде жұмыс істеуі керек. Жүйе деңгейінде еліміздің дамуына елеулі кедергі келтіретін шектен тыс бюрократизацияны жою қажет.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE

12:09 – Мемлекет басшысы: 

Шаруаларды қажетті мөлшерде жанар-жағармаймен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету қажет. Ауыл шаруашылығы техникасының, тұқым мен тыңайтқыштардың дайындығын екі рет тексеру қажет.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE

12:08 – Тоқаев:

Нарықтардағы алыпсатарлық ешбір жағдайда біздің қорларымыздың негізсіз «өртелуіне» себеп болмауы керек. Үкіметке, Ұлттық банкке, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігіне бұл бағытта шешуші шаралар қабылдау қажет.

12:07 – Президент:

Біздің елде ауқымды дағдарысты еңсеретін қор мен ресурс бар. Үкімет ең алдымен ұлттық валютаны нығайтуды қолға алуы керек. Қаржылық салада сұраныс негізінде қолдан жасалған қымбатшылыққа жол бермеу керек.

12:06 – Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралар туралы айтып жатыр.

12:05 – Мемлекет басшысы:

Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, жергілікті басқару туралы заң жобасын әзірлеуде тапсырмалар бойынша тетіктерді енгізуді тапсырамын.

12:04 – Президент:

Мәслихаттың жұмысы мен өңірлердің бюджетін қайта қарау керек.

12:03 – Тоқаев жергілікті атқарушы билікті орталықсыздандыру туралы айтып жатыр.

12:02 – Тоқаев Қапшағай қаласына жұртшылық Қонаевтың атын беру керегін айтса, бұл ұсынысты қолдайтынын айтты.

12:01– Тоқаев: 

Жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар. Біз ұланғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз.

12:00 – Тоқаев: 

Үшінші мәселе. Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады.

11:59 – Тоқаев: 

Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім.

11:58 – Тоқаев Семейде Абай облысы құрылатынын айтты. Семей облыс орталығына айналады.

11:57 – Президент осы орайда Қазақстанда ұлттық құрылтай құрылатынын айтты.

11:56 – Тоқаев: 

Үкіметтік емес сектор үнемі маңызды әлеуметтік мәселелерді көтеріп, олардың жан-жақты шешілуіне ықпал етеді. Қоғамдық ұйымдар мен белсенділерді реформаларды дайындау мен жүзеге асыруға кеңінен және тереңірек тарту қажет.

11:55 – Мемлекет басшысы:

Халық пен билік арасындағы көпір ретінде БАҚ өзекті мәселелерді көтеруі керек. БАҚ бұл жұмысты үлкен қызығушылықпен атқаруы керек. Көлеңкелі тапсырыстар мен саяси кландарттың мүддесі үшін жұмыс істемеуі керек. БАҚ-ты «Төртінші билік» деп бекер атамайды. Мен бұны журналистерге айтып жатырмын. Қоғамды демократияландыру тәуелсіз БАҚ-сыз мүмкін емес. Сондықтан «БАҚ туралы» заңды қайта қарау керек.

11:53 - Президент: 

Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды.

11:52 – Тоқаев: 

Мен прокуратура мен Адам құқығы жөніндегі уәкіл туралы заң қабылдау керек деп санаймын. Барлық деңгейдегі соттар тәуелсіз болмаса, заң үстемдігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Мемлекет осы бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

11:51 – Президент: 

Азаптаумен байланысты қылмыстарды тергеуге жүйелі тәсілді енгізу маңызды. Бұл функцияны Бас прокуратураға беруді ұсынамын. Қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бүгінде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту қажеттігі туралы азаматтардың өтініштері жиілеп кетті. Бас прокуратураға бұл мәселені зерттеп, мәселені шешуді тапсырамын.

11:50 – «Өлім жазасын» алып тастау бойынша Конституцияға өзгертулер енгізіледі.

11:48 - Тоқаев:

Мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын. Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE

11:48  - Қасым-Жомарт Тоқаев: 

Демократия тарихы дегеніміз – ең алдымен, сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы. Сондай-ақ, сайлау заңнамаларының сақталуын бақылау тарихы деуге болады. Осы орайда, мен байқаушылардың құқықтары мен жауапкершілігі нақты белгіленуге тиіс деп санаймын.

11:47 – Мемлекет басшысы сайлау жүйесін өзгерту халықаралық жүйеде де өзгеріп отыратынын айтты. 

Соңғы жылдары бұл жүйеге коронавирус та әсер етті. Көптеген ел дауыс беру тәсілін электронды форматта қолдана бастады. Сондықтан әлемдегі жаңашылдықтарды зерттеп оларды біртіндеп енгізген жөн, - деді Тоқаев.

11:46 – Мемлекет басшысы: 

Партияларды тіркеу процедуралары айтарлықтай жеңілдетіледі. Тіркеу шегін төрт есеге – 20-дан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Аймақтық бөлімшелердің ең аз саны үш есе – 600-ден 200 адамға дейін қысқарады. Үштен біріне дерлік, яғни 1000-нан 700 адамға дейін, партия құру бойынша азаматтардың бастамашыл тобының ең аз саны қысқарады.

11:45  - Тоқаев: 

Демократия тарихы дегеніміз – ең алдымен, сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы. Сондай-ақ, сайлау заңнамаларының сақталуын бақылау тарихы деуге болады. Осы орайда, мен байқаушылардың құқықтары мен жауапкершілігі нақты белгіленуге тиіс деп санаймын.

11:44 – Тоқаев аудан мен қаладағы сайлауды мажоритарлық жүйеге көшуді ұсынды.

Бұл жүйе арқылы бәсекеге қабілетті орта қалыптасады. Бір сөзбен айтқанда, енді сайлау алдында уәдесін орындамаған депутатты кері қайтаруға болады.

11:43 – Тоқаев: 

Мәжілістің 70 пайызы пропорционалды, 30 пайызы мажоритарлық негізде сайланады.

11:42 – Президент: 

Біз осыдан 15 жыл бұрын Конституциялық реформа аясында Мәжіліс депутаттарын пропорционалды тәсілмен сайлауға көштік, Ал 2018 жылдан бастап мәслихат депутаттарын да осы жүйемен сайлауға көштік. Алайда оның жағымсыз тұстары да әсер берді. Партияда жоқ азаматтар, Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да сайлана алмайтын болды. Соның салдарынан халықтың қызығушылығы төмендеді. Сайлауды керек қылмайтын деңгейге жетті. Қазір жұрт депутаттарды тани бермейді.

11:41 – Тоқаев сайлау жүйесін жетілдіру туралы айтып жатыр.

11:40 – Тоқаев өңір басшыларын Президент мәслихатпен талқылаусыз босата беретінін айтты.

11:39 - Мемлекет басшысы:

Президенттің облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері лауазымдарына баламалы негізде кемінде екі кандидат ұсыну құқығын реттейтін заңнамаға тиісті түзетулер енгізу қажет. Осылайша, Президент мәслихаттарда қарау нәтижелерін ескере отырып, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындайды.

11:38 -  Президент:

Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн. Сондай-ақ, мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санаймын.

11:38 –Тоқаев

Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет. Осы орайда, Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынамын.

11:37 - Президент:

Парламенттің төменгі палатасы ешкімге жасанды артықшылық бермей, елдің бүкіл сайлау ландшафтын көрсетуі керек. Осылайша, біз Мәжілістегі ҚХА квотасын жоямыз, бұл менің ойымша, саяси жағынан да, құқықтық тұрғыдан да дұрыс. Бұл квота Сенатқа беріліп, 9-дан 5-ке дейін қысқартылды. Сәйкесінше, Мәжілістегі жалпы депутаттық орын азаяды.

11:36 - Тоқаев:

Сенаттағы президенттік квотаны бақылау құралы ретінде емес, Парламентте аз қамтылған әлеуметтік топтардың дауыстары мен пікірлерін есепке алу тетігі ретінде қарастырған жөн. Сондықтан мен Сенаттағы президенттік квотаны 15-тен 10-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылдадым.

11:35 – Мемлекет басшысы: 

Президенттік шектен тыс өкілеттіктерден бас тарту елдегі саяси жаңғыртудың қайтымсыздығын қамтамасыз ететін маңызды фактор болмақ. Ұсынылған бастамалар «ойын ережелерін» түбегейлі өзгертеді және қоғамымызды одан әрі демократияландыру үшін берік негіз қалады.

11:34 - Тоқаев:

 Мемлекет басшысы барлық азамат үшін тең мүмкіндіктердің мызғымас кепілі болуы керек. Сондықтан Президенттің жақын туыстары үшін мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік секторда жетекші лауазымдарды атқаруға заңнамалық тыйым салынады. Мемлекет басшысы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдері актілерінің күшін жоюға немесе тоқтата тұруға құқылы. Бұл норма шектен тыс «қолмен басқару» тәжірибесінің тамырына балта шабуға ықпал етіп, жергілікті атқарушы органдардың дербестігін төмендетеді. Оның үстіне қазір Президент аудан, тіпті ауыл әкімдерін қызметінен босатуға құқылы. Бұл заңдарды жою керек.

11:33 - Тоқаев: 

Қайғылы қаңтардың маңызды сабағы – мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасының қолында өкілеттіктердің шоғырлануы оған жақын адамдар мен қаржылық-олигархиялық топтардың ықпалын негізсіз күшейтеді. Және олар мемлекетті жеке иелік ретінде қабылдайды.

11:32 -  Президент: 

Әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарында қызмет атқаруына заңды түрде тыйым салу қажет. Мұндай шешімдер көпполярлы партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді.

11:31 -  Тоқаев: 

Бүгінде елімізде барлығы Президенттің төңірегінде өрбиді, бұл дұрыс емес. Біз бұл тәжірибеден біртіндеп бас тартуымыз керек. Мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделері мен үшін кез келген қосымша билік рычагтарынан және жағдайлық ықпалдан маңыздырақ.

11:30 – Президент:

Мұндай жүйе билік институттарын теңестіріп, елдің тұрақты дамуына алып келеді. Алдымызда Парламенттің рөлін күшейту міндеті тұр. Бұл «еститін мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. «Жаңа Қазақстанды» азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді  елге айналдырамыз. Осыған орай, күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет қағидатын басшылыққа аламыз. Бүгін осы стратегиямызды жүзеге асыратын бастамаларды ұсынамын.

11:29 – Тоқаев «Супер Президенттік» басқарудан Парламенті мықты Президенттік республикаға көшу туралы айтты.

11:28 – Мемлекет басшысы:

Экономика мен саясаттағы жасанды монополияларды түбірімен жоюымыз керек. Оның орнына ашық әрі әділ бәсеке орнату маңызды. Себебі нағыз бәсекелестік болғанда ғана халықтың жағдайы жақсарады.

11:27 – Қасым-Жомарт Тоқаев: 

Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті.

11:26 – Тоқаев:

Бұл құжат қоғам сұранысына негізделген. Конституциялық кеңес, Парламент депутаттары, ОСК, Жоғарығы сот және белгілі сарапшылардың ұсынымдары назарға алынды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде бұл бойынша талқылаулар өтті.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE

11:25 - Тоқаев:

Мен бүгін еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынғалы отырмын. Бұл құжат, ең алдымен, қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген.

11:24 - Президент: 

Саяси трансформация әділ және әділ «ойын ережелерін» қалыптастыруға, өмірдің барлық саласында жағымпаздық пен монополияны жоюға бағытталған.

11:23 - Қасым-Жомарт Тоқаев: 

Заң бәріне бірдей – биліктегілерге де, қоғам қайраткерлеріне де.

11:22 – Мемлекет басшысы:

 ҰҚШҰ-ның бітімгершілік күштері елімізде  бірде-бір оқ атпады.  Стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін ғана қамтамасыз етті. Бұған алдын ала келісім аясында қол жеткіздік. Жағдай тұрақталған соң, олар екі аптадан кейін елден шығарылды.

11:20 – «Іштен шыққан жау жаман» - Тоқаев. 

11:18 - Тоқаев:

Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да – өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшін қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді.

11:17 – Президент: 

 Біз соңғы жылдары Қазақстанды түбегейлі тарнсформациялауға көштік. Түрлі салада ауқымды өзгерістер басталды. Бұл кейбір ықпалды адамдарға ұнамады. Олар заңсыз әрекеттерін одан әрі жалғасытруды көздеді. Неғұрлым жоғары билікке ұмтылуды көкседі. Сол үшін қылмыскерлер мен опасыз шенеуніктер бірігіп, астыртын топ құрды. Ішкі  және сыртқы жауларымыз өзара ымыраласып, билікті басып алғысы келді. Олар халықтың наразылық шеруін басқа арнаға бұрып, жұртты арандатты.

11:15 – Тоқаев:

Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді.

11:13 – Мемлекет басшысы:

Қаңтар оқиғасы мен Төтенше жағдай кезінде әртүрлі құқық бұзушылық үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Мен Бас прокуратураға олардың кінәсін анықтап, басқаша болған жағдайда олардың жазасын жеңілдетуді тапсырдым. Оның нәтижесінде бірқатар тұлға босатылды. Алайда қылмыс жасағандар тиісті жазасын алады. Басқаша әрекет етіп, провокаторлар мен арандатушылардың сөзіне еру қаза тапқандардың естелігін сатумен бірдей.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE

11:10 – Президент осы оқиғадан халық сабақ алуы керегін айтты. 

Күні кеше ғана Парламент қабырғасында арнайы тыңдау өтті. Онда құқық қорғау органдары тергеу қорытындылары туралы толық есеп берді. Мұндай кең ауқымды талқылау ешқашан болмаған. Депутат пен БАҚ-қа барлығы ашық айтылды. Қоғамды мазалаған сұрақтарға жауап берілді. Бұл биліктің ашықтыққа мүдделі екенін крсетеді. Біз ақиқатты айтуымыз керек. Бұл менің жеке қағидатым. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Онымен шұғыл тергеу тобы айналысып жатыр. Құқық қорғау органдарына нәтижелерді бөлісіп отыруға шақырамын, - деді Тоқаев.

11:08 – Қасым-Жомарт Тоқаев: 

Мен қашанда бәрін ашық айтып жүрмін. Індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырдым. Кешегі қатерлі күндерде Мемлекет басшысы ретінде халыққа арнап бірнеше үндеу жасадым.

11:07 – Мемлекет басшысы Қаңтар оқиғасы туралы айтып жатыр. 

Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық, - деді Тоқаев.

11:05 - Қасым-Жомарт Тоқаев:

Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік.

11:04 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеуді бастады.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE

11:03 – Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қазақстан Президенті Қазақстан халқына елдегі жағдай мен елдің сыртқы жағдайы бойынша жыл сайын Жолдау жасайтынын айтты. 

11:01 – Отырыс ашық деп жарияланды. Қазақстанның Әнұраны ойнап жатыр.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE

11:00 – Бірлескен отырысқа қатысушылар тіркеуден өтті. Отырысқа Сенаттың 49 депутатының 47 депутаты, Мәжілістің 103 депутаты қатысып отыр.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE
Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE

10:59 - Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетін залға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келді.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE

10:57-  Жолдауға ресми тұлғалармен қатар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері де қатысады.

10:53 – Мәжіліс ғимаратында Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Жолдаудан ақпарат тарату үшін жиналды. Жолдаудан ақпарат тарату мақсатында 48 БАҚ-тың 150-ден астам өкілі аккредитациядан өткен.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE
Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE

10:49 - Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE

10:46 - Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылады деп жоспарлануда. 

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. LIVE

10:45 - Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына кезекті  Жолдауын жасамақ.

Өзгелердің жаңалығы