Парламент ауыл тұрғындарын қуантатын заң жобасын қабылдады

14 Қаңтар 2021, 11:54
1919
Бөлісу:
 Парламент ауыл тұрғындарын қуантатын заң жобасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл тұрғындары ауыз суға аз төлейтін болады.  Сенаторлар екінші оқылымда елдің су кодексіне, оның ішінде ауыл тұрғындары үшін су бағасын төмендету механизміне түзетулер қабылдады. 

Заң жобасының негізгі мақсаты халықты ауызсумен қамтамасыз ету үшін субсидияларды бөлу және өңірлердің уақытылы алуына қол жеткізу.Бүгінгі күні халықты ауызсумен жабдықтау қызметтерінің құнын төмендету мақсатында заңнамамен баламасыз көздерден ауызсуды субсидиялау көзделген, - дейді заң жобасы бойынша баяндама жасаған депутат Нариман Төреғалиев.

Қазір ауылдарда ауыз судың тарифтері қалаларға қарағанда жоғары.  Мұның себептерінің бірі - ауылдардың географиялық алыстығы, халықтың тығыздығының төмендігі және басқа да факторларға байланысты сумен жабдықтау инфрақұрылымын салудың қымбат болуы.  Аймақтардағы судың құнын төмендету үшін бұл шығындардың бір бөлігін мемлекет өзі көтеретін болады.

Ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету еліміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. «Депутаттар бастамашылық жасаған осы заң ауылдық жерлерді сумен жабдықтау мәселелерін шешу жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз. Ұсынылып отырған нормалар өңірлерді дамытуға және жергілікті атқарушы органдардың жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететіні айқын, - дейді Сенат төрағасы М. Әшімбаев.

Сенаторлар субсидиядан басқа, су тарифтерін бекітудің жаңа механизмін мақұлдады. Енді мұндай өкілеттіктер жергілікті өкілді органдарға - мәслихаттарға беріледі.  Сонымен қатар, жаңа тарифті қабылдау кезінде олар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен адамдардың өмір сүру деңгейін ескеруі керек.  Ауыл тұрғындары үшін тариф орташа облыстық деңгейден жоғары болмауы керек.

 Республикада жеткізілетін ауыз судың бір текше метрі үшін ең төменгі төлем 15 теңгені құрайды.

Заң жобасының міндеттері:

1) халықты ауызсумен жабдықтау ету рәсімін оңтайландыру;
2) жаңадан салынған ауызсумен жабдықтау жүйелерін жеңілдікті объектілер тізіміне қосуды жеделдету;
3) ауылдық жерлердегі халықты ауызсумен жабдықтау қызметтерінің құнын төмендету.

Заң жобасы қабылданған кезде күтілетін нәтижелер:

- ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды Жергілікті жүйелерінің тізбесіне салынған жергілікті жүйелерді енгізу мерзімдерін қысқарту;
- өңірлерді ауыз сумен жабдықтауға субсидия бөлудің және алудың жеделдігін арттыру;
- облыс бойынша орташа тарифтерді және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуды ескере отырып, халыққа берілген ауызсудың 1 текше метрі үшін төлемақы мөлшерін айқындау.

Өзгелердің жаңалығы