Елімізде күнбағыс майының өндірісі артты

2 Мамыр 2024, 21:06
307
Бөлісу:
Елімізде күнбағыс майының өндірісі артты
Фото: BAQ.KZ - Архив

Қазақстанда 2024 жылдың бірінші тоқсанында тазартылмаған күнбағыс майын өндіру көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,4% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, осы уақыт ішінде қазақстандық кәсіпорындар 136,5 мың тонна өнім шығарса, 2023 жылы 103,9 мың тонна күнбағыс майын өндірген.

Отандық өнімнің нарықтағы үлесі 83,7%, бұл ретте өнімнің 16,3% сырттан әкелінеді.

Күнбағыс майының негізгі үлесі (софлор және мақта майын қоса алғанда) өткен жылы Өзбекстанға, Қытайға және Тәжікстанға экспортталды.

Елімізде күнбағыс майының орташа бағасы литріне 651 теңге.

Өңірлер арасында күнбағыс майының ең төменгі бағасы Шымкентте - 529 тг/л, ал жоғары бағасы Жезқазған қаласында – орташа баға 865 тг/л.

Өзгелердің жаңалығы