Паркинсон ауруына шалдыққан 28 адамға операция сәтті жасалды

4 Қазан 2022, 17:17
1213
Бөлісу:
Паркинсон ауруына шалдыққан 28 адамға операция   сәтті жасалды
PHOTO

Биыл ақпан айында Алматыдағы Совминкада Паркинсон ауруын хирургиялық емдеу орталығы ашылған болатын. Содан бергі аралықта Президенттің Іс Басқармасына қарасты клиникада 28 операция сәтті жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орталық клиникалық ауруханада күрделі отаны белгілі нейрохирург, медицина ғылымдарының кандидаты Шыңғыс Шашкин бастаған білікті үш дәрігер жасайды. Ш.Шашкин ми мен жұлынға нейростимулятор имплантациялауға маманданған еліміздегі алғашқы нейрохирург екенін айта кетейік. 

Алматыда тегін квота бойынша операция жасалған алғашқы адамның жасы жетпісте. Ол 8 жыл бұрын аурудың асқынған түріне шалдыққан. Қазақстан бойынша мұндай аурулардың саны 30 мыңға жуықтайды, көбісі егде тартқан адамдар. Дегенмен, мен өз тәжірибемде 25 жастағы науқасты да көрдім, – дейді ол. 

Алтын қолды хирург операцияның қалай жасалатынына да жалпылама тоқталып өтті. Ол үшін науқастың миына жіңішке электрод енгізіліп, бұғана сүйегінің төменгі тұсында терінің астына орнатылған нейростимуляторға қосылады. Әрине, науқас операциядан кейін құлантаза айығып кетпейді, бірақ бұлшықеті істемей қалған жандардың өмірі айтарлықтай жақсарады. 

Паркинсон ауруына шалдыққан 28 адамға операция   сәтті жасалды

Дүние жүзін ойынша ең алғаш биостимулятор салу операциясы 1987 жылы жасалыпты. Қазір нейростимуляция тәсілі АҚШ-та, Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінде қолданылып жүр. Ол Қазақстанда тұңғыш рет 2013 жылы тәжірибеден өтті. Содан бері күрделі операция Астана мен Қарағандыда жасалып келген болатын. 

Совминканың базасында Паркинсон ауруын емдейтін хирургиялық орталықтың ашылғаны тамаша шешім болды. Еліміздегі халықтың алпыс пайыздан астамы оңтүстік өңірлерде шоғырланған. Олардың осыған дейін өздері тұратын өңірде тегін емделуге мүмкіндігі болмап еді. Қазір тегін 29 адам кезекте тұр, – дейді Ш.Шашкин. 

Хирург Паркинсон ауруының алдын алу үшін салауатты өмір салтын сақтап, көбірек қозғалып, дұрыс тамақтану керек деп отыр. 

https://www.udp-rk.kz/kz/parkinson-auruyna-shaldykkan-28-adamga-operaciya-satti-zhasaldy-492935

Өзгелердің жаңалығы