Париждегі сән апталығында экологиялық таза киім ұсынылды

28 Қыркүйек 2019, 03:40
3554
Бөлісу:
Париждегі сән апталығында экологиялық таза киім ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парижде сән апталығы аясында ерекше шара өтті. Қала орталығында фотокөрме ашылды, деп хабарлайды 24.kz.

Онда қайта өңделген маталардан тігілген киім киген түрме тұтқындарының суреттері қойылған. Экологиялық және әлемеуттік мода – сән саласының жаңа бір үрдісі. Суреттерде Саккина Мса жасаған киімдер жиынтығы ұсынылған. Ол оны қоршаған ортаны қорғауға арналған шерулердің әсерімен жасап шығарған. Модельер әлемнің тұрақты дамуына тұтыну саласы да өз үлесін қосуға тиіс деп санайды. Статистикалық мәліметтер бойынша сән саласының үлесіне ауаға шығарылатын газдар мөлшерінің 10% тиіп тұр. Киім мен аксессуарлар өндірісі әлемдегі бүкіл ұшақтар мен кемелерден гөрі көп электр қуатын тұтынады екен.

«Біз әрекет ете алатын көптеген салалар бар. Мысалы киімді жалға алу. Киімді мүлде шығармау керек деп айтып тұрған жоқпын, онсыз сән саласы құрып кетеді. Алайда, Францияда адамдар бар киімінің тек үштен бірі пайдаланады. Біз тым көп киім сатып алып, оның көбісі жай шкафта ілініп тұрады деп санаймын. Бәлкім оны жалға беру керек шығар», - дейді модельер Сакина Мса.


Өзгелердің жаңалығы