Парижде Украинада қаза тапқан журналиспен қоштасу рәсімі өтті

11 Маусым 2022, 19:00
1565
Бөлісу:
Парижде Украинада қаза тапқан журналиспен қоштасу рәсімі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парижде Украинада қаза тапқан тілші Фредерик Леклер-Имофпен қоштасуға мыңға жуық журналист пен көрермен жиналды деп хабарлайды «Хабар 24». 

32 жастағы телеарна тілшісі гуманитарлық миссияның жұмысынан хабар тарату кезінде көз жұмды. Францияның лаңкестікке қарсы прокуратурасы әскери қылмыс дерегі бойынша тергеу бастады. Осы елдің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, журналист Северодонецк қаласы маңында гуманитарлық керуенмен бірге кетіп бара жатқанда Ресей күштерінің шабуылына ұшыраған.

Халықаралық конвенцияға сәйкес журналистерге азаматтық халық өкілдері ретінде шабуыл жасалмауы тиіс екенін, бірақ олар бұл елде әскери қимылдар барысында қасақана нысанаға алынып отырғанын «Шекарасыз репортерлер» ұйымының бас хатшысы Кристоф Делуар айтты.  

Бұл Украинада өзінің кәсіби міндетін атқарып жүргенде қаза тапқан 8-ші журналист. Осы соғыста журналистер қасақана нысанаға алынып жатыр. Біз қақтығыс басталғалы журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қарсы 50-ге жуық әскери қылмысты тіркедік. Сондықтан Халықаралық сотқа 5 шағым жолдадық, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы