Париж Олимпиадасына 200 күн қалды

9 Қаңтар 2024, 11:28
841
Бөлісу:
Париж Олимпиадасына 200 күн қалды
Фото: BAQ.KZ

Франция астанасы Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына 200 күн қалды деп, хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығында өтеді. Париж қаласы осымен үшінші рет Олимпиада ойындарын өткізуге мүмкіндік алды. Бұған дейін 1900 және 1924 жылдары Олимпиада ойындарын өткізген еді. 

Қазақстан Ұлттық құрамасы қазіргі кезде спорттың 8 түрінен 17 жолдаманы алды. Олар: садақ ату, велошоссе, оқ ату, қазіргі бессайыс, грек рим және еркін күрес, бокс, спорттық гимнастикадан бұйырды.

Париж Олимпидасына дейін 89 жарыс, яғни лицензиялық, жолдама беретін, рейтингтік, Әлем чемпионаттары мен Азия чемпионаттары бар. Осы жарыстарға біздің спортшылар қатысып, спорттың 20 түрінен 100-ге жуық жолдама аламыз деген үмітіміз бар. Спортшылар қазір бабында, дайындық жұмыстары өтіп жатыр. Сонымен қатар бізде тұңғыш рет тарихымызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Спортты басқару институттарының басын біріктірген, атап айтқанда Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті, Спорт түрлерінен федерация өкілдерінен тұратын орталықтандырылған дайындық штабы ашылды. Дайындық штабы Жекпе-жек спорт кешенінде орналасқан. 4 қаңтар күні шатбтың ашылуы өтті. Осы штаб арқылы барлық үйлестіру жұмыстары жүргізіледі,-дейді Туризм және спорт министрінің кеңесшісі, Олимпиадаға дайындық Штаб мүшесі Диас Ахметшәріп.

Айта кетейік, Париж-2024 Олимпиада ойындарына әлемнің 200-ден астам елінен 10 мыңнан аса спортшы қатысады. Спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Өзгелердің жаңалығы