Париж Олимпиадасы: Қазақстан жарысқа спорттың қанша түрінен қатыспақ

18 Сәуір 2024, 12:30
257
Бөлісу:
Париж Олимпиадасы: Қазақстан жарысқа спорттың қанша түрінен қатыспақ
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы алдағы Париж Олимпиадасына спорттың 20 түрінен қатысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты.

Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына ұлттық құрама командалар дайындалып жатыр. Қазақстан құрамасы спорттың 20 түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта спорттың 13 түрі бойынша 33 лицензия бар, - деді министр.

Маржықпаевтың айтуынша, Ұлттық құрама Олимпиадаға дейін тағы 40-тан астам лицензиялық және рейтингтік жарыстарға қатысады.

Лицензия мен Олимпиада медалін жеңіп алуға мүмкіндігі бар 56 потенциалды спортшыдан тұратын пул құрылды. Олимпиадаға дайындық штабы жұмыс істейді. Штаб барлық мүдделі тараптың өзара іс-қимылын үйлестіретін орталық ретінде қызмет етеді. Олимпиадалық форманың дизайнына қатысты 15 сәуірде комиссия жұмысының қорытындысы шығарылып, конкурс жеңімпазы анықталды, - дейді ведомство басшысы Мәжілісте.

Маржықпаев атап өткендей, министрлік форманы эскиз бойынша тігуге толықтай спонсорлық қаражат тартуды жоспарлап отыр. Бұл сапаны жақсартуға және спортшылардың қалауларын ескеруге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы