Параспортшылар Халықаралық турнирлерде 187 медаль жеңіп алған

22 Ақпан 2023, 18:13
996
Бөлісу:
Параспортшылар Халықаралық турнирлерде 187 медаль жеңіп алған
Фото: МСМ баспасөз қызметі

Өткен жылы халықаралық жарыстарда қазақстандық параспортшылар 62 «алтын», 63 «күміс» және 62 «қола» медальдердің жалпы 187-ін медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан құрамасының қоржынына ең көп медальдарды пара пауэрлифтер (51 медаль, 22 алтын), жүзгіштер (42 медаль, 15 алтын) және жеңіл атлеттер (41 медаль, 13 алтын) әкелді. Біздің пара дзюдошыларымыз (20 медаль, 6 алтын) бен пара таэквондошыларымыз да ерекшеленді (16 медаль, 2 алтын).

Отандық параспортшылар халықаралық марапаттарға ие болған спорт түрлері: волейбол (отырып) (1 алтын медаль), пара шаңғы жарысы және биатлон (8 медаль, 1 алтын), пара үстел теннисі (5 медаль, барлығы қола), пара садақ ату (2 медаль, 1 алтын) және пара каратэ (1 алтын жүлде).

Қазақстандық параспортшылар үшін ең табысты кезең қараша (61 медаль), маусым (35) және қазан (32) айлары болды. Олар жылдың ең ірі турнирлеріне тап келіп, белсенді қатысты. Қараша айында IWAS Дүниежүзілік ойындары өтті – бұл екі жылда бір рет халықаралық арбада отырғандар мен ампутанттар спорт федерациясы өткізетін жарыстар. Оларда Қазақстан 42 медаль жеңіп алды: 11 алтын, 17 күміс және 14 қола.

Қазақстанда параспорт қарқынды дамып келеді, ал спортшыларымыз ірі халықаралық жарыстардың тұғырына үнемі көтеріледі. Әрине, біз мұнымен тоқтамаймыз. Керісінше, параспортқа көбірек көңіл бөлу керек. Әсіресе, Париждегі Паралимпиада қарсаңында дайындықты күшейту керекпіз, - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.

Маусым айында пауэрлифтингтен Азия мен Океания ашық чемпионаты өтті, онда біздің спортшылар 4 алтын, 8 күміс және 6 қола жүлдеге ие болды. Ал қазан айы осы спорт түрінен әлем чемпионатымен есте қалды. Бұл турнир Қазақстан қоржынына 10 медаль салды.

Өзгелердің жаңалығы