Парашютпен секіру кезінде 5 сарбаз қаза тапты

25 Мамыр 2023, 15:15
4515
Бөлісу:
Парашютпен секіру кезінде 5 сарбаз қаза тапты
Фото: Арман Мухатов

Бұл туралы Бас прокурорға депутаттық сауал жолдаған сенатор Геннадий Шиповских айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, мемлекет отан алдында борышын өтеуге келген сарбаздардың қауіпсіздігін қамтасыз ете алмай отыр.

Биылғы қаңтарда Астана қаласында әскери борышын өтеп жүрген қарағандылық сарбаздың жаттығу кезінде парашюті ашылмай қалып, көз жұмды. Дәл сондай жоспарлы секіру жаттығуында 2020 жылы Маңғыстау облысында әскери қызметші қаза тапты. Ал Алматы облысында 2021 жылы Қарулы күштердің капитанының, 2019 жылы полковниктің және 2017 жылы ефрейтордың өлімі болды. Осылайша 2017 жылдан бері парашютпен жоспарлы оқу-жаттығу кезінде 5 отан қорғаушымыздан айырылып отырмыз, - деді депутат.

Оның айтуынша, 2019 жылы Маңғыстау облысындаға жаттығу кезінде граната жарылып, сарбаз қолынан айырылған.

Аталған оқыс оқиғалар әскерде техникалық қауіпсіздік шараларына тиісті деңгейде назар аударылмайтынын көрсетеді. Осы орайда Бас прокуратура әскердегі осындай жағдайлардың алдын алуға бойынша қандай жұмыс атқарып жатыр және осы мәселеге қатысты қандай жоспар бар, - деп сұрады сенатор.

Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі соңғы 3 жылда әскерде тек 1 суицид әрекеті тіркелгенін мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы