Таиландта өткен пара каноэдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дүбірлі додада отандық спортшылар 3 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль еншіледі.
Жарыста Бибарыс Спатай 2 алтын, 1 қола алса, Максим Богатырев 1 алтын, 2 алтын медальға ие болды. Ал Жаңыл Балтабаева 2 күміс, Мейіржан Армия 1 күміс пен 1 қола медальға қол жеткізді.