Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Пара дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында жеңіске жетті

15 Мамыр 2025, 17:35
486
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Астанада өткен IBSA Judo World Championships жарысында Қазақстанның ерлер құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazsport-қа сілтеме жасап.

Финалда отандастарымыз Бразилия құрамасын 4:3 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленді.

Финалдық белдесу аса тартысты өтті. Соңғы кездесуде Жұрқамырза Шүкірбеков Паралимпиаданың қола жүлдегері Марсело Касановадан басым түсіп, шешуші жеңісті сыйлады.

Ширек финалда – Моңғолияны 4:1 есебімен, жартылай финалда – Грузияны 4:2 есебімен және финалда – Бразилияны 4:3 есебімен жеңді.

Өзгелердің жаңалығы